Қостанайда астыртын казино анықталды

Қостанай қаласындағы дәмханалардың бірінде астыртын казино анықталды.

Қаржылық мониториинг агенттігінің облыс бойынша аумақтық департаменті заңсыз ойын мекемесін тексеру кезінде покер ойынына арналған кәсіби үстел, фишкалар, карталар және қолма-қол ақша сынды заттай айғақтарды сот үкімі негізінде жойды. Жасырын казиноны ұйымдастырушылар мен сыбайластар ҚР Қылмыстық Кодексінің 307-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз хатшысы:

- Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды патологиялық құмар ойындарға тәуелділіктен қорғау мақсатында тұрақты негізде заңсыз ойын пункттерін анықтап, бұғаттау шараларын жалғастыратын болады.