Маркетингтік компания атын жамылғандар ұсталды

Маркетингтік компания атын жамылғандар ұсталды

Инвестиция саласындағы маркетингтік компания атын жамылған «Sincere Systems» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық департаменті хабарлады. Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары сенгіш азаматтарға жаңа қатысушыларды тарту арқылы жоғары сыйақы алуға уәде берген. Артынша инвестициялық жобаларға қомақты қаржы салуды ұсынған. Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеу тексерудің өзге де деректері тергеу мүддесі үшін жария етілмейді. Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.