Маңғыстауда мас күйінде рульге отырған 20-дан астам адам ұсталды

Маңғыстауда мас күйінде рульге отырған 20-дан астам адам ұсталды

Маңғыстау облысында көлікті ішкілікті күйде басқарған 17 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.

Басым көпшілігі Ақтау қаласының тұрғындары.

Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізушілердің бірінші рет алкогольді күйде көлік тізгіндегені анықталған. Сондықтан тек 15 күн әкімшілік қамау мен 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы беріледі. Қылмыстық іс қозғалмайды.