Жетісу облысында салынып жатқан екі көпірді су шайып кетті

Жетісу облысы Кербұлақ ауданына қарасты Шанханай ауылына кіреберістегі жаңадан салынып жатқан екі өткелді су шайып кетті.

Бұған толассыз жауған жаңбыр мен Майтөбе өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі себеп. Ағын су «Сарыөзек – Көктал – Майтөбе» автожолын екі жерден бұзып кеткен. Шанханайдағы Бейбітшілік көшесіндегі 4-5 үйдің ауласына су кірді. Қазір жол қозғалысы қалпына келтірілді. Зардап шеккендер жоқ.