Қостанай облысында филиал директоры күдікке ілінді  

«ҚазТемірТранс» акционерлік қоғамының қостанайлық филиалының директоры жемқорлыққа барған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол кәсіпкерлерді жүк вагондарымен кедергісіз қамтамасыз еткені үшін тұрақты түрде пара алған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі тергеу құпиясына байланысты басқа ақпаратты жария етпеді.

Рүстем Болат, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы:

– Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау, бұлтартпау шарасы санкцияланды. Күдіктіге қатысты оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, қорытынды шешімді сот қабылдайды.