Атырауда тоғыз адам астан уланды

Атырауда екі күнде 9 адам астан уланған. Күні кеше облыстық инфекциялық ауруханада 7 бірдей тұрғынның улануы тіркелсе, бүгін тағы 2 жағдай болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар қала ортасындағы Сырым Датов көшесінде орналасқан жекеменшік дүңгіршектен құс етінен дайындалған донер алған. №2 Атырау облыстық ауруханасының баспасөз қызметінің мәліметінше, донерден уланған 8 адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Қазір бәрінің жағдайы орташа. Олардың ең кішісі – 1 жас 7 ай, үлкені – 30 жаста екен. Осы жағдай бойынша іс қозғалып, зерттеу жүріп жатыр. Мекеме өз жұмысын уақытша тоқтатты.