Қостанай облысында тауық қырылып қалды

Қостанай облысында тауық қырылып қалды

Ресеймен шекарадағы Федоров ауданы Ленин ауылында үй тауықтары қырылды.

Жергілікті тұрғынның айтуынша, өткен аптаның басында бірден 19 тауығы өлген. Ал көршісінің 30 қанаттысы қылжиып қалған. Жұрт ауылда тауық қалған жоқ дейді. Бұған дейін мұндай оқиға Денисов, Қарабалық аудандарында тіркелген еді. Зерттеу қорытындысы құстардың неден өлгенін анықтай алмады. Бірақ қазір ол аудандарда жағдай тұрақты дейді мамандар. Бұл жолы өлексе сынамалары елордадағы зертханаға жіберілді.

Талғат Шамшадин, облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы:

- Зерттеулер жүргізіледі. Бір он күннің ішінде бізге результаттар келуі тиіс. Енді біз ол пастереллозға тапсырдық, ньюкасдға тапсырдық, қайсы қандай результат келетінін біз білмейміз әлі.