Көлсай көлдеріне апаратын тас жолдың жиегін су шайып кетті

Алматы облысындағы «Көлсай көлдері» ұлттық табиғи паркіне апаратын тас жолды су шайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған осы таулы өлкедегі толассыз жауған нөсер жауыннан кейін болған сел себеп. Салдарынан Кеген ауданының Түменбай ауылындағы 11 үйдің ауласын су басты. Зардап шеккендер жоқ. Қазір тас жолдың жиегін бекіту жұмыстары жүріп жатыр. «Көлсай көлдеріне» жол ашық.