Қарағандыда дала өрті басылар емес

Қарқаралы ауданында екі ошақта табиғи өртті сөндіру жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жау жалпы ауданы шамамен 1089 га жерді шарпыды. Тілсіз жауды жою жұмыстары жер үсті және әуе тәсілдерімен жүргізілуде. Оқиға орнында күштік құрылымдармен қоса басқада мекемелерден келген. Барлығы 233 адам және 45 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ ТЖМ суағар құрылғылары бар 2 тікұшақ жұмылдырылды. Барлығы 70 су ағызу жүзеге асырылды.

Өртті сөндіру қиын таулы-жартасты жерлермен, су қоймаларының жанында болмауымен, қатты және ауыспалы желмен күрделенген. Өртті өндіру үшін су жеткізу ұйымдастырылған.