Павлодар облысындағы жол апаты: көлік ішінде бір адам жанып кетті

Павлодар облысындағы жол апаты: көлік ішінде бір адам жанып кетті
pavlodarnews.kz

Жол апаты Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолында орын алған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Жол-көлік оқиғасы Пограничник пен Спутник ауылдарының арасында болған. Екі көлік соқтығысып, салдарынан бір көлік өртенген.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, жол апатында 3 адам зардап шеккен.

- 1987 жылы туған ер адам омыртқа сүйегінің сынуы диагнозымен, 1999 жылы туған ер адам жабық бас миының жарақаты, бетінің жыртылған жарақатымен Павлодар қаласының №1 ауруханасына жеткізілді, - деді басқармада.

Ал үшінші адамды анықтау мүмкін болмаған.

- Үшінші адам «Индрайвер» қосымшасымен көлікке отырған жолаушы. Ол адамда биологиялық өлім анықталды. Толығымен жанып кеткендіктен кім екенін анықтау мүмкін болмады, - деді басқармада.

Жол апаты болған жерге жедел жәрдемнің екі тобы шығып, қызмет көрсеткен.