Жетісу облысы: Қаратал өзеніне автокөлік майы тәріздес сұйықтық төгілді

Жетісу облысындағы Қаратал өзеніне автокөлік майы тәріздес сұйықтық төгілді.

Оқиға Талдықорған іргесіндегі Өтенай елді мекені маңында болған. Ауыл тұрғындары өзен суының түсі өзгеріп кеткенін айтып дабыл қаққанан кейін облыстық экология департаменті мен полиция, прокуратура, әкімдік қызметкерлері барып, тексеру жүргізді. Судан зертханалық-сараптамалық сынама алынып, химиялық құрамы тексерілді. Облыстық полиция департаменті жедел-іздестіру іс-шарасы жүріп жатқанын мәлімдеді.