Республика 2050. Ұлыстың ұлы күні

vk.com

Күн мен түннің теңеліп, табиғаттың түрленіп, жаңаратын сәтінде келетін жыл басы мерекесі елімізде кеңінен аталып өтілуде.

Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі дүниежүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан келе жатыр. Ал Қазақстан халқы бұл мейрамды бір шаңырақ астындағыдай ұйысып, барынша қазақы дәстүрге сай тойлайды.