Талдықорғанда қоқыс жәшіктен сәбидің мәйіті табылды

Талдықорғанда қоқыс жәшіктен сәбидің мәйіті табылды

Талдықорғандағы қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды.

Орамалға оралған сәбиді аула сыпырушы байқап, патрульдік полиция қызметкерлерін шақыртқан. Аталған іске қатысты қалалық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.