Елорданың қақ ортасында әуешар құлады

tengrinews.kz

Оқиға қаланың қақ ортасындағы Нұржол желекжолында болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көкте қалықтаған шарда бірнеше адам болған. Оқыс жағдайдан ешкім зардап шекпеді. Қатты желдің әсерінен шар жерге қатты құлап барып, қонғаны байқалады. Маңайдағы адамдар дереу көмекке ұмтылған. 112 қызметіне бұл жайтқа қатысты ешқандай қоңырау түспеген. Бұған дейін қалалық төтенше жағдайлар департаменті 6 шілдеде дауыл тұруы мүмкін екенін ескерткен еді.