Сотталған әйел бесінші перзентін түрмеде босанды – Нұр-Сұлтан

Сотталған әйел бесінші перзентін түрмеде босанды – Нұр-Сұлтан
Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментiне қарасты ЕЦ-166/10 мекемесiндегі 33 жастағы сотталған әйел перзентті болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол қаржылық пирамиданы құрғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Медициналық тексерістен өту барысында Е есімді азаматшаның жүктілігі белгілі болды. Сол сәттен бастап әйел мекеме қызметкерлерінің басты назарына алынды. Сотталғанның босанар уақыты таяғанда алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, Нұр-Сұлтан қаласындағы перзентханалардың біріне қызметкерлердің сүйемелдеуімен жеткізіліп, бесінші перзентін дүниеге алып келдi. Қазақстан Республикасының заңы жас аналарды қамауда да баласынан ажыратпауға рұқсат береді, осыған байланысты мекеме әкімшілігі алғашқы кезекте сотталғанды сәбиімен бірге жеке бөлмеге орналастырып, нәрестені тиісті түрде бағуына жағдай жасады. Сонымен қатар олар қажетті азық-түлікпен және киім-кешектермен қамтамасыз етілді. Қазіргі таңда ана мен баланың денсаулығы бірқалыпты, мекеменің медицина қызметкерлерінің ұдайы бақылауында. Мекеме әкімшілігі нәрестені құжаттандыру жұмыстарымен айналысып жатыр.