Қарағандыда жауын салдарынан мектептің шатыры опырылып түсті

Қарағандыда нөсер жаңбыр салдарынан мектеп шатыры опырылып түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдай №50 орта мектепте болған. Спорт залының төбесі құлады. Зардап шеккендер жоқ. 

Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, 60 жылдық тарихы бар мектепте бұған дейін апатты жағдай тіркелмеген.

Айта кетерлігі, ғимарат жоспарлы жөндеуде тұрған.