Ақтауда жұрт қантқа таласып қалды

Ақтауда жұрт қантқа таласып қалды

Ақтаудағы сауда орындарының бірінде жұрт жаппай қантқа таласып қалды.

Әлеуметтік желіде  тараған бейнежазбада қантты сөреге шығарған кезде кезекте тұрғандардың баса-көктеп ұмтылғанын көруге болады. Видео авторы қанттың келісі 450 теңге екенін айтқан. Ақтауда қазір дүкен сөрелерінде қант тапшы.