Екібастұзда екі автобус соқтығысты

Екібастұзда екі автобус соқтығысты
pavlodarnews.kz

Жол-көлік оқиғасы Мәшһүр Жүсіп – Бұқар жырау көшесінде болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 шілде күні сағат 08:15-те №7 және №33 бағыттағы қалалық автобустардың қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған.

– Оқиға орнында полиция жұмыс істеуде, – деді департаментте.

103 желісіне қоңырау бүгін сағат 08:20-да түскен. Жол апаты болған жерге жеделдік бойынша жіберілген бірінші санатты жедел жәрдем бригадасы бес минутта жеткен.

Үш адам зардап шеккен, олардың барлығы Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.