Талдықорғанда кезінде заңсыз үлестірілген пәтерлер анықталып жатыр

Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда кезінде заңсыз үлестірілген пәтерлер  анықталып жатыр.

Тұрғын үй қорын түгендеуге арналған жұмыс тобының құрамына қоғамдық бірлестік өкеілдері, журналистер, тұрғын үй инспекциясының басшысы және қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы мен полиция дептартаментінің қызметкерлері кірді. Олар өткен сенбі күні жаңадан бой көтерген ықшам аудандардағы үйлерді аралап шықты. Нәтижесінде шенеуніктердің 14 пәтерді заңсыз алғаны анықталды.

Мәди Шәкенов, қала әкімінің баспасөз хатшысы:

- Барлығымыз пәтерлерді көріп, бос тұрған пәтерлерді анықтадық мүлдем ешкім кірмегендігін және де заңсыз кіріп кеткен, ешқандай құжаттарынсыз кіріп кеткен тұрғындарды анықтадық. Мемлекеттен қажеттілігіне берілген пәтерлерді де анықтадық. Қазіргі таңда 14 заңсыз алынған пәтер анықталды. Осы 14 пәтер қазіргі жилищный фондтың балансына ЖКХ-ға өтті. Осы 14 пәтерді заңға сәйкес қаламыздың тұрғындарына тұрғын үй комиссиясының шешімімен таратылатынр болады.

Қалада бұған дейін де осындай жұмыстар жүргізіліп, 14 пәтер кері қайтарылған еді. Олар бүгінде түгелдей кезекте тұрған азаматтарға берілді. Талдықорған қаласындағы қоғам белсенділері мен көпбалалы аналар жеке комиссия құрып, Қаратал және 6-7 ықшам аудандардағы пәтерлерді тексеруге кірісті. Олардың айтуынша, тексерілген 7 үйдегі 70 пәтерде үкіметтен үй алған азаматтардың өздері тұрмайтыны анықталды. «Арасында қос-қостан пәтер алып, оны жалға беріп отырған экс-аудан әкімдері мен агенттік басшылары да бар», - деді қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенова.

Сандуғаш Дүйсенова, қоғам белсендісі:

- Үкіметтен алған үйді босату туралы хабарлама алғандардың ішіндеміз. Босқа жүрмей, біз енді өзіміз бірігіп, өз құқымызды қорғамасақ, бүгінгі күні бізге жаны ашып тұрған әкімшілік жоқ. Бәріміз жаңағы бұл үйлерге өз еркімізбен барып, баса көктеп кіріп алғандай болып жатыр да бүгінгі күні. Сондықтан біз өзіміздің шынайы сол үйге кіргенімізді дәлелдеу үшін өзіміз топ құрдық. Бүгін менің қолымда тек қана 7 үйден 70-ке жуық пәтер алып, өкіметтік шенділер пәтерлерін алып, жалға беріп отыр.

Талдықорғанда 1014 отбасының коммуналдық тұрғын үйлерде ешбір құжатсыз тұрып жатқанын да айта кетейік. Олардың көбі құзырлы органдар мен мелекеттік және бұқаралық ақпарат саласы қызметкерлеріне берілген баспаналар. Тұрғын үй қорын түгендеуге арналған жұмыс тобы мүшелерінің айтуынша, қызметтік пәтерлер жекешелендірілмейді. Ал онда тұрып жатқан азаматтар қызмет бабымен өзге өңірге ауысса, үй оның орнына келген әріптесіне беріледі. Қалған даулы мәселелер бойынша сотқа жүгінген жөн.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Қуаныш Түргенбаев