Қ.Боранбаевтың інісіне іздеу жарияланды

Кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың інісі Мұрат Боранбаевқа іздеу жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы қалалық Экономикалық тергеу департаменті деректеріне сүйенсек, Мұрат Боранбаев  2017 жылы ақылы автотұрақтар желісінің директоры болған. Ал оған дейін бұл компанияны басқарған Мұхтар Базарбаев та қамауға алынған еді.

Қазіргі таңда  Алматы қалалық  қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық департаменті автотұрақ желісіне жауапты тұлғаларға  қатысты тергеу жұмыстарын жалғастыруда. 

Еске сала кетейік, кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың өзі наурыз айының ортасында тұтқындалған болатын. Ол аса ірі көлемде қаражат жымқырды деген айыппен қамауда отыр.