Алматыда «Нұрлы Тау» бизнес орталығы өртенді

Алматыда «Нұрлы Тау» бизнес орталығы өртенді

Алматыда «Нұрлы Тау» бизнес орталығы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін кешкі сағат 19:03 шамасында өрт сөндіру бригадасы Бостандық ауданы, әл-Фараби даңғылы 7/4 а мекен-жайы бойынша шақыртуға шықты.

«Газ түтіннен қорғаушылар барлау барысында, 19-қабатта кондиционердің сыртқы блогының 2 шаршы метр аумағы жанып жатқанын анықтады. Қызыл жалын балконға таралып үлгерген»,- деп хабарлады ведомстводан. Өрт қысқа мерзімде жойылды. Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.