Елімізде өткен аптада көлік апатынан 50 адам ажал құшты

Елімізде өткен аптада көлік апатынан 50 адам ажал құшты

Өткен аптада ел бойынша көлік апатынан 50 адам ажал құшты. 200-ге жуығы түрлі дене жарақатын алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ішкі істер министрлігінің берген ақпаратына сүйенсек, бір аптада 200-ден астам жол көлік оқиғасы тіркелген. Ал алдыңғы аптада 20 адам көлік апатынан қаза болғанын айтқан едік. Осылайша бас-аяғы 15 күннің ішінде 70 азамат жол үстінде жан тапсырған.  Жалпы елімізде жол апаты азаймай тұр. Тіпті жаз мезгілінде тас жолдарда жүйіткитіндер көбейген. Статитстика жаға ұстатарлық. «Биыл кәмелетке толмаған жеткіншектердің қатысуымен болып жатқан көлік апаттары алаңдатарлық» дейді жол сақшылары. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биыл мыңнан аса адам жол апатынан жан тәсілім еткен. «Сондықтан жүргізушілерден өзінің және өзгенің өмірін абай болуды сұраймыз», – дейді жол сақшылары.