Қаржылық пирамида құрған 11 адам сотталған

Биыл елде қаржылық пирамида ұйымдастырушыларға қатысты 30-дан аса қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, оның жетеуі бойынша 11 адам сотталды. Оларға 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сотталғандардың бірі шетел азаматы. Сондай-ақ агенттік қаржылық пирамиданы жарнамалаған 3 мыңға тарта сайтты бұғаттаған. Мамандар халыққа алаяқтардың құрығынан сақ болуға үндейді. 

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Аналитикалық құралдарды кеңінен қолдану арқылы «жазалаушы» постфакторлық әдістен профилактикалық әдіске көшу жүзеге асырылды. Қолданыстағы қылмыстық заңнамаға, қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.