Ұлытау облысында індеттен 70-тен астам сиыр арам өлді

Ұлытау облысында індеттен 70-тен астам сиыр арам өлді

Ұлытау облысының Мибұлақ ауылдық округінде тараған індеттен 70-тен астам сиыр арам өлді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі күні оларға ринотрахит және тейлериоз деген екі бірдей диагноз қойылып отыр. Қазіргі кезде ауыл әкімінің шешімімен шектеу шаралары енгізілген. Індет тараған жерде Қарағанды облысының эпизотияға қарсы жасақтары дизинфекциялық шаралар жүргізіп жатыр. Бүгінгі күні малға вакцина салынуда, араға 15 күн салып тағы ревакцинация жасалады. Осылайша 700-ден астам малға екпе егілмек.

Атап өткен жөн, қырылған малдың басым бөлігі бір шаруа қожалығына тиесілі. «Десе де тағы 3 шаруа қожалығынан бірлі-екілі шығын бар», - дейді жергілікті мамандар.

Төлеген Рысбеков, ҚР АШМ Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы:

- Қазір республикалық эпизодотрядкеледі. Осы ауру 30 күн. Егер мал өлген жағдайда, құдай оған жеткізбесін, созамыз. Күллі іс-шараларды атқарады. Дезинфекция, егеді, емдейд.  Эпизодотрядқа қандай іс-шаралар бекітед,сол жерде атқарады. Барлығы мемлекет есебінен.