Қостанай облысында ер адам куәгерлердің көзінше суға батып кетті

Қостанай облысында ер адам куәгерлердің көзінше суға батып кетті
lisakovsk.life

Қайғылы оқиға Қостанай облысындағы Лисаковск қаласында болды.

27 шілде күні сағат 21:30-да куәгерлердің көзінше ер адам суға батып кеткен.  

Куәгерлер оның суда шомылып жатып, көз ұзамай көмек сұрағанын айтқан. Өзге демалушылар оны құтқарып үлгермеген.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем жұмыс істеуде.