БҚО-да тоғыз жасар баланы улы жәндік шағып, жансақтау бөлімінде жатыр

Батыс Қазақстан облысында тоғыз жасар баланы улы жәндік шағып алды. Ауруханаға жеткізілгенде жағдайы күрт нашарлап кеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейін жансақтау бөліміне жатқызылыпты. Қазір бала есін жиды. Өзі тамақтана алады. Ата-анасы баланы шаққан жәндікті көзбен көріп, оны тіпті құтыға салып үлгерген. Оның қарақұрт екені белгілі болды. Жыл басталғалы бері аймақта мұндай оқиға алғаш рет тіркеліп отыр.