4 млрд теңгенің мұнай өнімдері заңсыз саудаланды

Елде мұнай өнімдерінің заңсыз айналымына қатысты 35 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаржылық мониторинг агенттігі жыл басынан бері құны 4 млрд теңге болатын 20 мың тонна қара алтынды заңсыз тасымалдаушыларды анықтады. Президент тапсырмасы бойынша мұнайды көрші елдерге заңсыз сатумен айналысатын ұйымдасқан топтарға қарсы күрес жүріп жатыр.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Мысалы жамбыл облысында Қырғыз республикасына экспорттамақ болған кезде АИ-92 маркалы бензині бар 5 теміржол цистернасы ұсталды. Құжаттарда бұл басқа өнім яғни, лак кетіретін еріткіш деп көрсетілген. Павлодар  облысында органикалық еріткіш деген жалған атаумен РФ-ға эскпорттамақ болған дизель отыны бар 4 теміржол цистернасы ұсталды.