Жамбыл облысында жыл басынан бері бес адам суға кетті

Жамбыл облысында жыл басынан бері бес адам суға кетті

Жыл басынан бері Жамбыл облысындағы су қоймаларында бес адам суға батып кетті. Олардың екеуі бала, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы жағдайларды болдырмау үшін облыстық ТЖД қызметкерлері тұрақты түрде алдын алу шараларын өткізіп тұрады. Осы уақытқа дейін олар мыңнан аса рейд ұйымдастырып, қауіпсіздік ережелері жазылған,, 30 мыңнан аса парақша таратқан. Суда тұншығып, тынысы тарылған адамға  алғашқы медициналық көмектің дұрыс көрсетілуі аса маңызды. Сол себепті баспасөз туры барысында сала мамандары жұтып қойған суды шығару, тыныс алу ритімін қалпына келтіруді реттеу тәсілдерін көрсетті. Сонымен қатар суңгуірлердің құрал жабдықтары да таныстырылды. Өңірде 27 суңгуір бар. Олар жұмысына кіріспес бұрын қажет құрылғыларын жіті тексереді. Содан кейін ғана су түбіне түседі. Жалпы аймақта жыл басынан бері екі бала құтқарылды.

Данияр Келіс, Тараз қалалық ТЖБ офицері:

- Тараз қалалсының ТЖБ қызметкерлерімен күнділікті шомылуға рұқсат етілген және етілмеген жерлерде демалушы халықпен үгіт насихат жұмыстарын жүргізу үшін біздің қызметкерлер күнделікті шығады. Одан бөлек қала аумағында екі мобильный пост бар. Түскі сағат 12 ден кешкі сегізге дейін кезекшілікке тұрады. Одан бөлек қоғамдық құтқарушылар тұр.