Екібастұзда разрезде жұмыс істеп жатқан механик қаза тапты
Екібастұзда қаза тапқан механиктің өлімінің мән-жайы анықталды, деп хабарлады Pavlodarnews.
Марқұм циклдік ағынды жабын учаскесінде электромеханик болып жұмыс істеген.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 тамыз күні сағат 11:35-те «ЕЭК» АҚ «Восточный» разрезінде адам өлімімен аяқталған апат болған.
«Жөндеу жұмысы кезінде барабанның айналма білігі ығысып, бос барабанның айналма білігі электромеханикті № 1 ұсақтау цехының тіреуішіне қысып қалған», - деп хабарлады департамент.
Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Облыстық еңбек басқармасы қайғылы жағдайға қатысты тергеу ұйымдастырылғанын хабарлады.