Қостанайда жоғалған бес жасар қыз әлі табылған жоқ

Қостанайда жоғалып кеткен бес жасар қыз әлі табылмады. Күні кеше іздеу жұмыстарына Рудный қаласынан арнайы мотодельтаплан жұмылдырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған қоса 500-ден аса қала тұрғындары қосылды. Кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері көмекке қол ұшын созып жатыр. Іздеушілер Мәдина Ерланқызы тұратын Жамбыл ауылынан бөлек, Қостанай қаласы, Алтын дала және Самир елді мекендерін аралап жүр. Осы орайда әлеуметтік желіде іздестіру кезіндегі видеолар жарияланды. Желі қолданушылары кадрдың бірінен жоғалған қыздың сұлбасын байқаған. Олар бүлдіршін іздестестіру тобына жақын жерде болуы мүмкін деп пайымдап отыр.

Естеріңізде болса, Мәдина 7 тамыз күні таңертең үйінен қашып кеткен болатын.