Павлодарда балабақша қызметкері сәбиді ұрып-соққан

Павлодардағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің көмекшісі кішкентай сәбиге қол жұмсаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Баланың денесіндегі көгерген іздерді байқаған анасы ізін суытпай полицияға хабарлапты. Ал әлгі балабақша қызметкерінің сәбиді ұрған сәті бейнекамераға түсіп қалған. Қазір ол жазбаны тергеушілер зерттеп жатыр. Процессуалды шешім әлі қабылданған жоқ. Әзірге тек тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан қуылған. Ал мектепке дейінгі мекеме басшылығының міндетін атқарушы қатаң ескертумен шектелді.