Шымкентте екі үйдің шатыры толығымен өртеніп кетті

Шымкентте екі үйдің шатыры толығымен өртеніп кетті

Шымкентте екі үйдің шатыры мен көлік өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға бүгін таңертең болған. Сағат 07:16-да Еңбекші ауданы Н.Төреқұлов көшесі бойында орналасқан тұрғын үйдің шатыры мен жапсарлана соғылған тұрғын үйдің шатыры толығымен өртке орынған. Сонымен қатар екі бөлмесіндегі үй заттары, жапсарлана соғылған сарайдың шатырын да жалын шарпыған. Темір бастырманың астында тұрған «Hyundai Grandeur» маркалы жеңіл автокөліктің артқы бөлігі де отқа оранған.

Жалынды сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД 17 қызметкері мен 5 дана техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының мамандары жұмылдырылды.

«Өрттің жалпы көлемі 256 шаршы метрге созылған. Өрт сағат 07:49-да оқшауланып, сағат 08:07-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда» – делінген Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.