Жамбылда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өзіне қол жұмсады

Жамбылда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өзіне қол жұмсады
Zakon kz

Бекбол Мираштың туыстары мен жақындарының айтуынша, ол өзіне қол жұмсайтындай адам емес. Бекбол ата-анасының тұңғышы еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 тамызда Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген атыраулық әскери қызметкер өзіне қол жұмсады. Бекбол Мираш – Қызылқоға ауданы, Миялы ауылының тумасы. Оқиға туралы қоғам қайраткері Бибігүл Рамазан хабарлады. 18 жастағы Бекбол әскерге 2022 жылдың көктемінде шақырылған. Жамбыл облысына әскери борышын өтеуге жіберілді.

Бекболдың Айдана есімді ұстазы оны адал, мейірімді адам ретінде танитынын айтты. Ол жігітті қайғылы немесе көңілсіз күйде ешқашан көрмегенін айтып отыр.