Қаңтар оқиғасына қатысты жоғалған қару-жарақ әлі де табылып жатыр

Қаңтар оқиғасына қатысты жоғалған қару-жарақ әлі де табылып жатыр

Еліміз бойынша қаңтар оқиғасына қатысты 4 мың 600-ден астам қылмыстық іс қозғалған. Сот шешімімен 539 адам сотталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде Ішкі істер министрілігі Тергеу  департаментінің бастығы брифинг кезінде мәлімдеді. Санжар Әділовтың сөзінше полицейлер әлі де 276 қылмыстық іс бойынша тергеу, зерделеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Олардың басым бөлігі қаруды заңсыз сақтау, кісі өлтіру мен билікті асыра пайдалануға қатысты қозғалған. Сонымен қатар тергеу барысында ауырлығы орташа және онша ауыр емес қылмыс жасаған 35 күдіктіге  қатысты іс тоқтатылды.  Айта кету керек, жаппай тәртіпсіздік кезінде 2900 қару ұрланған. Қазір соның 873-і ғана тәркіленді. Қалған екі мыңнан астам қару әлі де табылмай жатыр.  Өңірлерде жоғалған қаруларды іздеу шаралары жалғасуда.  

Санжар Әділов, ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы:

- Жамбыл облысының Андас ауылында полиция қызметкерлері қараусыз қалған үйден жасырын қойманы тапты. Онда 12 калибрлі мылтық, сондай-ақ бұрын полиция департаментінен ұрланған броньды кеудеше және әртүрлі калибрлі патрондар табылды. Сол күні Меркі ауданында Ақтоған ауылының шетінде полиэитлен  пакет табылып ішінен  12 калибрлі аңшылық мылтық пен түрлі калибрлі оқ-дәрілер алынды. Қазір ұрланған қарудың 2087 бірлігі анықталмаған күйінде қалып отыр.