К.Мәсімовтің ісі бойынша тергеу аяқталды

К.Мәсімовтің ісі бойынша тергеу аяқталды

Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылығы мен өзге де күдіктілерге іс материалдарымен таныстыру шаралары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Мәсімов, Садырқұлов, Ерғожин, Өсіповтерді қамауда ұстау мерзімі биылғы жылдың қазан айының 6-нан 22-не дейін ұзартылды.

Айта кету керек, күдіктілердің ішінде Мәсімов пен Садырқұловқа мемлекетке опасыздық жасау деген ауыр айып тағылып отыр. Ал қалғандары билікті күшпен басып алу, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану баптары бойынша тергелді.