Дәл қазір Аманқарағай ауылындағы мұнай базасына қауіп төніп тұр – Қостанай облысы

Бұл жерде 3 өрт сөндіру көлігі жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, Әулиекөл ауданында орман өртін сөндіруге 3 тікұшақ, 3 өрт сөнідіру пойызы бірнеше техника жұмылдырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Озерное ауылынан 250 және Аманқарағай ауылының солтүстік бөлігінен 1000 адам эвакуацияланған. Сондай-ақ Калинино, Лесное ауылдарынан да 600-дей тұрғын көшірілді. Өз күштерімен бас сауғалап жатқан жұрт та көп. Озерное ауылында 3 үй жанып кеткен.