Зерендіде 100 гектар алқап өртенді

Зерендіде 100 гектар алқап өртенді

Ақмола облысының Зеренді ауданында да орман өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға кеше кешкісін болған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, табиғи парк аумағында басталған қызыл жалын біртіндеп орманға өткен. Оқиға орнына көрші Атбасар, Сандықтау аудандарының өрт сөндірушілері де келген. Сөйтіп 200-ге жуық адам мен 10 шақты техника 4 сағатта оттың бетін қайтарып үлгерді. Мұнда 104 гектар алқап жанып кетті. Оның 15 гектарға жуығы орман. Қалғаны далалы аумақ. Қазір өрт болған жерде тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал, оқыс оқиғаның нақты неден пайда болғаны белгісіз. Өрт кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.