Amanat 312 тонна жүк жөнелтті

Жалпы бүгіннің өзінде бір ғана Аманат партиясы Қостанайға көмек ретінде 312 тонна жүк жинаған.

Оның 145 тоннасы өңірге жөнелтілді. Бұл партия мүшелерінің көмегі. Онда азық-түлік, жылы киім, жеке гигиена тазалығы жабдықтары, төсек орын, тұрмыстық техника  тіпті құрылыс материалдары да бар. "Жастар рухы" жастар қанатының 1 мыңға жуық еріктісі жергілікті партия филилалдарының гуманитарлық көмекті жинау пункттерінде жылу жинап жатыр. Аманаттың Елорда мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облысындағы пункттерінен жүк тиелген көліктер аттанып кеткен. Енді түнге қарай Алматыдан жүреді. Бұдан бөлек "Жастар рухы" жастар қанатының волонтерлері Қостанайға көмекке аттанып кеткен.