Алтай аймағындағы өрт 167 гектар жерді шарпыған – ШҚО

Алтай аймағындағы өрт 167 гектар жерді шарпыған – ШҚО

Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай ауданында тау ішіндегі өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қызыл жалын 167 гектар жерді шарпыған. Әзірге тілсіз жау елді мекендерге қауіп төндірмейді, дейді мамандар. Отты жерден де, әуеден де сөндіріп жатыр. 300 құтқарушы өртпен күресуде, оларға көмек ретінде Қазавиа орман қорғау кәсіпорнының 75 десанты жіберілді. Оқыс оқиға болған аумаққа Ми-8 тікұшағымен әуеден 9 тонна су шашылды. Сондай-ақ мамандар Ан-2 ұшағы арқылы жалыннның аумағы мен бағытын назарда ұстап отыр.Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, жағдай бақылауда.