Шымкентте 8 мың тоннаға жуық заңсыз сатылған мазут анықталды

Шымкентте 8 мың тоннаға жуық заңсыз сатылған мазут анықталды

Құны шамамен 1,1 млрд теңгеден асады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі кәсіпкер белгісіз тұлғалардан аталған шикізатты сатып алып, заңдылығын растайтын құжаттарсыз түрлі компанияларға өткізген. Сот үкімімен кінәлілер 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.