Алматыда ағаштарды өртеген адам ұсталды

Алматыда ағаштарды өртеген адам ұсталды

Белгілі болғандай ол 1968 жылы туған азамат екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ер адам мас күйінде  консервілерді от жағып, жылытқысы келген. Бірақ, өрт бұталарға өтіп кеткеннен кейін қорыққанынан оқиға орнынан ізін суытқан. Тәртіп сақшылары күдіктіні бейнекамералар мен куәгерлік айғақтар арқылы қолға түсірді. Оқиғаның мән-жайы әлі де анықталып жатыр.