СҚО-да күйеуін өлтірген әйел сегіз жылға сотталды

СҚО-да күйеуін өлтірген әйел сегіз жылға сотталды

Петропавлда полиция инспекторының өліміне қатысты аты шулы іске нүкте қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Естеріңізге сала кетейік, мамыр айында марқұмның денесі кеуде тұсынан салынған пышақ жарақаты белгілерімен өз пәтерінен табылған болатын. Аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен оның әйелі ұсталып, тергелді. Азаматша өз кінәсін толығымен мойындады. Сезіктінің айтуынша, ерлі-зайыптылардың арасында жанжал туындап, арты қайғылы аяқталған. Барлық мән-жайды ескерген мемлекеттік айыптаушы азаматшаны 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға өтініш білдірді.

Айта кету керек, марқұмның артында кәмелет жасына толмаған екі баласы қалды.

Сергей Викторенко, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

– Сот Жұмағали Айгүл Жанболатқызын ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырады. Жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтесін және айыпталушыдан моральдық зиян келтіргені үшін жалпы сомасы 4 млн теңге болатын өтемақы өндіріледі.