Белгісіз біреу Алматыдағы сауда үйлерінің біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпарат берген

Белгісіз біреу Алматыдағы сауда үйлерінің біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған ақпарат берген

Белгісіз біреу алматылық тәртіп сақшыларын тағы да әбігерге салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Алматы полициясына қаладағы сауда үйлерінің біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы ақпарат түскен. Бекітілген ережеге сәйкес нысанға келушілер мен қызметкерлер дереу эвакуацияланды. Саперлер мен басқа да бөлімше қызметкерлері ғимаратты толық тексеріп шықты және ақпараттың жалған екені белгілі болды. Сауда орталығынан ешқандай жарылғыш зат табылмады. Қазіргі уақытта полицияның жедел қызметтері күдіктіні анықтауда.