Ақмола облысында дәрі-дәрмектерді арнайы рецептсіз сатқан 12 фармацевт жауапкершілікке тартылды

Ақмола облысында дәрі-дәрмектерді арнайы рецептсіз сатқан 12 фармацевт жауапкершілікке тартылды

Полицейлер рейд барысында анықтаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кінәлілер енді 300 мың теңгенің шамасында айыппұл төлеуге міндеттеледі. Олардың үшеуі Көкшетауда болса, екеуі Зерендіден, ал қалғандары Ақкөл, Бурабай, Бұланды және Есіл аудандары мен Степногорск қалаларынан. Бескүндік тексеру барысында тәртіп сақшылары құрамында есірткі заттары бар дәрілік препараттардың заңсыз сақталуын да анықтады. Мәселен, Макинск қаласының екі тұрғынынан құрамында героин опиатасы бар ең күшті дәрі анықталды.