Оралда көлік жүргізушісінен ірі көлемде «Тропикамид» препараты тәркіленді

Оралда көлік жүргізушісінен  ірі көлемде «Тропикамид» препараты тәркіленді

Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшылары «Фольксваген» маркалы автокөлікті тексеру кезінде еліткіш әсері бар 400 құты дәрі тауып алды. Жүргізушіде бұл препаратты қолдану жөнінде дәрігердің нұсқаулық қағазы болмаған. Күдікті бұған дейін есірткі саудасымен талай рет істі болып, «трамадол королі» атанып кеткен 46 жастағы ер адам болып шықты. Оған қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.