Ақмола облысында ер адам үйінде заңсыз кен өңдеген

Ақмола облысында ер адам үйінде заңсыз кен өңдеген

Астыртын цехты полицейлер Бестөбе кентінде орналасқан баспаналардың бірінен тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қолдан жасалған шағын өндіріс ошағы 33 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі болып шықты. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам цехты өзі құрастырған. Ал, құрамында алтыны бар руданы маңайдағы үйінділерден жинап әкелген. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Жалпы жыл басынан бері аймақта осындай 10 шақты қылмыс әшкере болған.