«Яндекс.такси» қызметі тексеріліп жатыр

«Яндекс.такси» қызметі тексеріліп жатыр

Монополияға қарсы қызмет «Яндекс.Таксидегі» бағаның қымбаттығына қатысты тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жайында Алматы қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті хабарлады. Биыл елімізде аталған компанияның қызмет тарифін жоғары қоюына байланысты 2 бірдей тергеу басталған. Жыл басынан бері Агенттікке ресейлік такси қызметінің қымбаттығына қатысты 6 арыз келіп түсіпті.