Ақтөбе облысында жер заңсыз сатылған – Антикор

Ақтөбе облысында заңсыз сатылған жер телімдерін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арестке қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс аумағында 169 жер учаскесі нарықтағы бағадан тым арзанға саудаланған. Бұл туралы облысқа жұмыс сапарымен келген Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметі басшысы Саян Ахметжанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен жергілікті атқарушы билік өкілдері заң бұзушылыққа жол берген. Мәселен облыс орталығындағы құны 79 миллион теңге болатын  54 сотық жер 11 миллион теңгеге сатылған. Қазір келісімшарт заңсыз деп танылып, жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды. Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды.