Павлодар облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Павлодар облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Жолаушылардың екеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24» Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 7 қазан күні сағат 22.00-де Ақсу өңірінің Сырлықала ауылының жанында болған. «Ленинский – Курчатов» автожолының 55-шақырымында 40 жастағы «Нива» көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамай, сол бағытта жол жиегінде тұрған «КамАЗ» 5320 машинасының тіркемесімен соқтығысқан.

«Жол апаты салдарынан Нива автокөлігінің 40, 12 және 6 жастағы үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Екі жүргізуші ауруханаға жеткізілді», – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.