Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты сот үкімі шықты

Бүгін бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары қызметін атқарған Олжас Әбішевке қатысты соттың шешімі шығады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі жылдан аса тексерілген іске нүкте қойылады.

Естеріңізге сала кетейін, мемлекеттік айыптаушылар Біртановты 6 жыл, Әбішевті 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді.

«Біртановты Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тауып, бес жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын», - деді судья Әлкенов.

Санавиация бортын заңсыз пайдаланды деген айып бойынша судья Біртановты ақтады.